«М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ- де Наурыз мерекесіне арналған “Күй күмбірі” Республикалық домбырашылар челленджі өтті. Шараға мұғалімдер, білім алушылар бір мезетте “Ерке сылқым” күйін күмбірлете ойнады.
Іс-шара білім алушыларды ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған.
Іс шараның мақсаты – білім алушылардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету. Домбыра арқылы қазақ халқының болмысын дәріптеу және мәдени мұрасын сақтауды насихаттау.

No responses yet