“М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі” КММ-де «Ұлттық спорт» күні аталып өтті.
«Наурызнаманың» онкүндігі аясында әр күн түрлі тақырыптарға арналғаны белгілі. Осыған сәйкес, 20 наурыз — Ұлттық спорт күні болып бекітілді.
Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек. Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн спортшылар мен қарапайым халық арасында мереке салтанатын ерекше сезінуге септігін тигізері анық.
Ұлттық спорт күніне орай, облыстың барлық аймағында ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, «Ұлттық ойын – халық мұрасы», «Ұлы дала тарландары» тақырыптарында асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.



No responses yet