⚜️⚜️21 Наурыз – Ынтымақ күні⚜️⚜️

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.
21 Наурыз – бірлік пен ынтымақтың, жаңару мен молшылықтың мерекесі. Бұл күндері адамдар бір-біріне құрмет көрсетіп, татулық пен ауызбіршілікті дәріптейді.
⚜️⚜️“Ынтымақ” сөзі береке-бірлік, татулық ұғымдарының баламасы ретінде қолданылады. Халқымыз бірлік пен ынтымаққа ерекше мән беріп, оны өмірдің өзегі деп білген. Осы құндылықтың маңызын «Ырыс алды – ынтымақ», «Бірлік болмай – тірлік болмас», «Ынтымақ түбі – игілік» деген даналық сөздер арқылы жеткізген.
⚜️⚜️Бүгінде Қазақстанның өсіп-өркендеуінде халықтың ортақ мақсат-мүдде жолында бірігуі, берекесі мен татулығы негізгі тірек болып отыр.
🔆Мереке әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-несібе әкелсін! Ел іргесі аман, ынтымағымыз бекем болсын!

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *