«Қош келдің, әз Наурыз!»

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.
Наурыз айын табиғаттың ерекше қасиеті бар айы ретінде бағалаған. 22-наурыз күні күн мен түн теңеліп, табиғат та, жер ана да оянып, тіршілік жанданып, өмір гүлденеді. Бұл айда мұсылман қауымы Әз Наурыз мерекесін ерекше татулықпен, ықылас, бірлікпен, ынтымағы жараса тойлайды.
Ұлыстың Ұлы күніне орай, «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-де тәрбие саласы бойынша наурыз айында атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес,1 “Б” сыныбында «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаты өткізіліп, мереке тойланды.
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының Ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген тұлға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар “Наурыз” әнін орындап, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Оқушыларымыздың ата-аналары наурыз көже дайындап, балаларға ұсынды.
Ұлыстың ұлы күні тілеген тілектеріміз қабыл болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *