ЖАҢАРУ КҮНІ – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖАҢА БАСТАУЛАР МЕРЕКЕСІ

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

Бүгін наурызнаманың алтыншы күні – ЖАҢАРУ күні! Бұл күн – ежелден халқымыз үшін рухани және табиғи жаңғырудың белгісі болған.

Жаңару күні – тек табиғаттың емес, адамның да ішкі жан-дүниесінің тазаруы мен жаңғыруының нышаны. Осы күні ата-бабаларымыз үй ішін тазартып, ескі-құсқыдан арылып, жүректерін де кірбіңнен тазартқан. Бұл күнді «Жаңа өмірге қадам басу» деп те атайды.
Наурызнама күнтізбесіндегі әрбір күннің өзіндік мәні бар. Соның ішінде Жаңару күні – өткенге салауат айтып, болашаққа тың серпінмен қарау күні. Қыс бойы тұншығып жатқан табиғат оянып, көктемгі күннің нұры жерді жылытса, адамзат та өз өмірінде жаңа парақ ашуға дайындалады.
Жаңару – әрбіріміздің өмірімізге жаңашылдық пен жаңа қуат сыйлайтын сәт!
Баршаңызға жарқын көңіл-күй, сәттілік және мол қуаныш тілеймін!

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *