6 сәуір күні «Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ-де «Үздік сынып жетекші-2023» аудандық байқауы өтті. Шығармашыл және талантты 14 сынып жетекші қатысқан байқауға, «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-нің кәсіби біліктілігі жоғары, шығармашыл, тәжірибелі, жаңашыл ұстазы, 9 «А» сынып жетекшісі Ардақ Рамазанқызы қатысып, «Бас жүлдені» иеленіп, өзінің озат педагог екенін дәлелдеді! Байқау барысында Ардақ Рамазанқызы сыныбының тәрбиелік басқару субьектісіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие бағытындағы инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсете білді. Облыстық сынып жетекшілер байқауына жолдама алды.
Ардақ Рамазанқызын жүлделі орынымен құттықтай келе, алар асуларыңыз көп болсын демекпіз! Жеңіс құтты болсын!
#Үздік_сынып_жетекші
No responses yet