«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2023»

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2023»

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2023»
Қазақ халқы ертеден ер баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олар — болаттай берік, бір-біріне серік болатындай батыл бола білген. Сонымен қоса, елдікке ұмтылған ерлеріміз жұртым деп жұтылып, елім деп ерік-жігерін аямаған. Қазіргі таңдағы өскелең ұрпағымыздың бойындағы осы бір ерік-жігерлікті, батырлықты, шешендікті, алғырлықты байқау, оны паш ету мақсатында «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-де 5-8 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны-2023» байқауы өтті. Сайысқа өнерімен тамсандырған, бірінен-бірі озатын сайыпқыран жігіттер қатысты. 4 бөлімнен тұратын сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін оқушыларымыз бар өнерлерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті.
«Жігіттің сұлтаны-2023» – талантты да сымбатты, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болуы шарт. Өзге жігіттерден дараланып, барлық шартқа сай негіздерді көрсете білген, қазылар алқасының көңілінен шыққан 7 «А» сынып оқушысы Кәкімбек Ералы «Жігіт сұлтаны» атағын иеленді!
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І-орынмен 5 «А» сынып оқушысы Насимоллаев Нұрасыл, ІІ-орынмен 5 орыс сынып оқушысы Карнаух Расул, ІІІ-орынмен 8 «Б» сынып оқушысы Дінмұханбет Айбол марапатталды! Сайысқа қатысқан барша сайыпқырандарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *