«М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-де аудандық әскери-патриоттық «Айбын-2022» жарысы өтті.

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-де аудандық әскери-патриоттық «Айбын-2022» жарысы өтті. «Айбын-2022» әскери-патриоттық жарысының ашылу рәсімі салтанатты түрде өтіп, мектеп директоры Марат Айкенұлы мен АББ-нің әдіскері Нұрбол Мейрамбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа аудан бойынша «Жас Сарбаз» 9-11 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. Жарыс 5 айналым бойынша өткізілді. Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар марапатталып, облыстық сайысқа жолдама алды! Мектебімізден 2 команда қатысып, жүлделі І, ІІ орындарға ие болды! Құтты болсын!
#Айбын2022

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *