Бүгін мектебімізде 2023-2024 оқу жылына арналған 5-11 сынып қыздарымен жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 5-11 сынып қыздарымен «Қызға қырық үйден тыю», «Үйінде қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар» тақырыптарында пікіралмасу өтті. Шара барысында қыздарымызға қазақ халқы қыз тәрбиесіне әрдайым аса назар аударғанын, қызға қырық үйден тыю салып, жүріс-тұрысын қадағалағаны туралы айта келе, Абай атамыздың: «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма»-демекші, қыз бала тәрбиесі оның ата-анасына да тікелей байланысты екені түсіндірілді. Халықтың бойындағы ұлттық қасиеттерді жалғастырушы қыз баласы туралы айтылған нақыл сөздердің мағынасын ашуда өз пікірлерімен бөлісті. Мақсаты: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу.
#Біртұтас_тәрбие


No responses yet