«ЕГІЗ ЛЕБІЗ» ән байқауы

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

 

2023 жылдың 1 желтоқсан күні «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-де тәрбие саласы бойынша атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес, мектепішілік дуэт жұбынан тұратын «ЕГІЗ ЛЕБІЗ» ән байқауы өтті.
Байқау мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы, ұстаз арасында тығыз байланыс орнату. Оқушыларды көркемдік, әсемдік, адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу.
Байқау барысында Отан, Туған жер, Ана-Әке, Ұстаз туралы әндеріміз шырқалды. Соның ішінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Бір шәугім шай» әнін 2 «Б» сынып оқушысы Советов Нұрәли мен анасы Дюсембаева Лаура орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді! Сахналық көріністері де ерекше болды. Ән байқауы толықтай жанды дауыста өтті. Жұптардың киім үлгілері, сахна мәдениеті, ән орындау шеберліктері бір-бірлерінен өтеді. Өнер баршаға ортақ қазына демекші, осындай ән байқауы арқылы талантты, дарынды оқушыларымыздың, олардың ата-аналарының өнерін тамашаладық!

Шара соңында барлық жұптар бастауыш және жоғары буын бойынша бағаланып, мадақтамалармен марапатталды. Орта буын бойынша «Бас жүлдені» 6 «А» сынып оқушысы Слямбеков Ердос өз жұбымен иеленсе, бастауыш буын бойынша «Бас жүлдені» 4 «Б» сынып оқушысы Азимханов Нұржігіт пен анасы қанжығаларына байлады! Байқауға қатысқан барлық жұптарға алғыс айта отырып, жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Ән байқауын ұйымдастырушыларға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!
#Біртұтас_тәрбие
#Егіз_лебіз_ән_байқауы

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *