Жас қыран ұйымына қабылдау

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

23 қазан күні «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Республика күні» мерекесіне орай, Республикалық Бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 2,5 сынып оқушыларын қабылдау рәсімі өтті. Оқушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, рәсім жасады. Шара барысында жиынға келген қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздардармен бірге оқушыларға галстуктар мен төсбелгілерін тақты. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылданған оқушыларымыз еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз!

 

 

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *