Мектебімізде 5-10 сыныптар арасында «Арайлы Алтын күз- 2023» сайысы өтті. Жыл сайын Күзгі бал мерекесі мектеп оқушыларының дәстүрлі мейрамы болып аталып өтіледі. Бал бағдарламасына оқушылар өте жақсы жауапкершілікпен қарады. Оқушылар өздерін тек биші ғана емес, әншілік, аспаздық қырларынан да көрсетеді. Шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың көмегімен күзгі бал мерекесі жоғары деңгейде өтті.

Сайысқа жауапкершілікпен қарап, күздің керемет көріністерін көрсете білген сыныптарға, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға алғысымыз шексіз!
#Біртұтас_тәрбие
#Арайлыалтынкүз
#Күзгібал

No responses yet