«Шаңғы жолы — 2022 шақырады» аудандық турнирі

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

ШҚО, Тарбағатай ауданы бойынша 26.02.2022 жылы «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-нің ұжым мүшелерінен құралған команда «Шаңғы жолы — 2022 шақырады» аудандық турниріне қатысып жүлделі орындардан көрінді!
Шаңғы жарысының бағдарламасына сай ерлер мен әйелдердің жас ерекшелігіне қарай барлық категорияға толық қатысты. Спартакиада талаптарына сай шаңғышылар арнайы киім киіп, эмблемаларымен ерекшеленді. Атап айтқанда әйелдер арасында 18-29 жас 1,5 км қашықтықта бастауыш сынып мұғалімі А.Қинашова І-орын, 30-39 жас 2 км қашықтықта дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі А.Дуйсенбаева І-орын иеленсе, ерлер арасында 30-39 жас 2 км қашықтықта дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі М.Халықов ІІ-орын, 50-59 жас бойынша 1,5 км қашықтықта технология пәнінің мұғалімі Д.Хасенов ІІ-орын алып жүлделі орындардан көрінді.
Марапаттарыңыз құтты болсын! Жүлделі орындарыңыз көп болсын! 🏆🏆🏆💐💐💐

 

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *