Тарбағатай ауданы білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының мүшелері арасында Х спартакиаданың шаңғы жарысы

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

ШҚО, Тарбағатай ауданы бойынша 25.02.2022 жылы «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ кәсіподақ ұжымының мүшелері Тарбағатай ауданы білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелері арасында Х спартакиаданың шаңғы жарысына қатысып, өздерінің шаңғымен айналасуды дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастырумен қоса кәсіподақ мүшелері арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын басшылыққа алды.
Шаңғы жарысының бағдарламасына сай ерлер мен әйелдердің жас ерекшелігіне қарай барлық категорияға толық қатысты. Спартакиада талаптарына сай шаңғышылар арнайы киім киіп, эмблемаларымен ерекшеленді. Атап айтқанда әйелдер арасында 18-29 жас 1,5 км қашықтықта даярлық сынып мұғалімі А.Қинашова ІІ-орын, 30-39 жас 2 км қашықтықта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Дуйсенбаева І-орын иеленсе, ерлер арасында 30-39 жас бойынша 3 км қашықтықта дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі М.Халықов ІІ-орын, 50-59 жас 1,5 км қашықтықта технология пәнінің мұғалімі Д.Хасенов ІІІ-орын алып жүлделі орындардан көрінді. Басқа команда мүшелері де 5,7 орындарды иеленіп, командаға өз үлестерін қосып, балл алды.
«Шаңғы-2022» жарысын қорытындылауда аудандық кәсіподақ төрағасы С.З.Ахметқалиевтың грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Мектебіміз жоғары деңгейде қатысып, жүлделі орындарды бағындырды. 🏆🏆🏆💐💐💐

 

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *