«Көктем аруы — 2022»

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

«М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ-нің тәрбие саласы бойынша наурыз айында атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес, 5-10 сынып қыздары арасында, қазақ қызына тән қасиеттерді дәріптеу, ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында «Көктем аруы — 2022» сайысы өтті.

Қыз бала бойындағы ибалылық, имандылық, қарапайымдылық, мейірімділік, т.б қасиеттер тәрбие мен тәртіп арқылы келері сөзсіз. Бұл қасиеттерді сайысқа қатысушы қыздарымыздың барлығының бойынан көруге болады!
Орта және жоғары сыныптар бойынша 8 қатысушы сайыста бақ сынады. Түрлі бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салған аруларымыз жан-жақтылығын, өнерлерін, жалпы қабілеттерін танытты.
Түрлі бағамдар бойынша марапатталған арулар ішінен 6 «А» сыныбының оқушысы Оралқызы Ақжарқын мен 7 орыс сыныбының оқушысы Төлепбекова Даина «Көктем аруы — 2022» атағын иеленді!
Қыздарымызға көктемнің күніндей жарқырап, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер демекпіз!
#КӨКТЕМАРУЫ2022

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *