8 қараша күні мектебімізде Ұлы Отан соғысының батыры, ауданымызда Ішкі істер бөлімінің қалыптасуына зор үлес қосып, сол салада еңбек еткен қадірлі жерлесіміз Мейірханов Айдос Алқанұлының құрметіне «Жас сақшылар» сыныбы ашылды. Осыған орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жас сақшылар сыныбында 7-сынып оқушылары білім алып, тәрбиеленетін болады. Мерекелік шара барысында жас сақшылар салтанатты ант қабылдап, куәлік табысталды.
Құрметті Тарбағатай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция майоры Әсет Мұратбекұлы және ауданымыздың барлық полиция қызметкерлері! Мектебімізде оқушыларымыздың бойына патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында ашылған «Жас сақшылар» сыныбының ашылуына демеушілік көрсеткендеріңізге алғыс білдіреміз! Еліміздің қорғандары — полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз!
No responses yet