Республика күні қарсаңында мектебімізде оқушылардың Республикалық Бірыңғай “Жас қыран”, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
Оқушылар Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант қабылдады.Еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

No responses yet