«М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-нің тәрбие саласы бойынша атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес, 6-10 сынып қыздары арасында, қазақ қызына тән қасиеттерді дәріптеу, ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында, «Көктем аруы — 2024» сайысы өтті.
Қыз бала бойындағы ибалылық, имандылық, қарапайымдылық, мейірімділік, т.б қасиеттер тәрбие мен тәртіп арқылы келері сөзсіз. Бұл қасиеттерді сайысқа қатысушы қыздарымыздың барлығының бойынан көруге болады!
Орта және жоғары сыныптар бойынша 7 қатысушы сайыста бақ сынады. Түрлі бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салған аруларымыз жан-жақтылығын, өнерлерін, жалпы қабілеттерін танытты.
Түрлі бағамдар бойынша марапатталған арулар ішінен орта буын бойынша 6 «А» сыныбының оқушысы Дінмұханбетқызы Таңшолпан мен жоғары буын бойынша 8 орыс сыныбының оқушысы Маратова Нұрай «Көктем аруы — 2024» атағын иеленді!
Қыздарымызға көктемнің күніндей жарқырап, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер демекпіз!
Осы шараны жоғары дәрежеде ұйымдастыруға атсалысқан мектеп тәлімгері А.Мухамадиева мен ұйымдастырушы педагог Қ.Рамазановаға, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымына алғыс білдіреміз!
#КӨКТЕМАРУЫ2024
No responses yet