«М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-де 2024 жылы 21 мамыр күні «Қош бол, бастауыш мектебім!» атты 4 «А» сыныбының бастауышпен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. Іс-шара барысында оқушылар мектепке, ұстаздарына, ата-аналарына деген құрмет, алғыстарын өлең шумақтарымен, ән-жырларымен жеткізді. Оқушылар өздерінің білім, өнер жағынан да жан-жақты екендіктерін көрсетті! «Білім негізі- бастауышта» дегендей ұстазының оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие бергенін көруге болады! Мерекелік шара соңында 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстазы шәкірттеріне ақ жол тіледі. Балаларының ертеңгілігіне келген ата-аналар да алғыстарын білдірді.
Сынып жетекшісі: Шамарханова Шынар Рамазановна
#Қош_бол_бастауыш_мектебім
No responses yet