2024 жылдың 1 қыркүйек күні «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-де 1 және 11 сынып оқушыларының, ұстаздар қауымының қатысуымен «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбында білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын қонақтары Тарбағатай ауданы бойынша білім беру бөлімінің әдіскері Ислямова Гүлнұр Қадылбекқызы, қамқоршылық кеңес төрайымы Дуйсекенова Мария Кадирбековна, ата-аналар комитетінің мүшесі Бейсеканова Ақерке Серікқызы құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Марат Айкенұлы жаңа оқу жылының ерекшелігімен таныстырып, ұстаздар мен оқушыларға білім шыңдарын бағындыруда сәттілік тіледі. Тарбағатай аудандық полиция бөлімі бастығының тәрбие және кадр жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Рахметханов Еркебұлан Рахметханұлы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Алғашқы қоңырау соғылып, оқушыларымыз мектебіне оралды. Мереке құтты болсын!
#Білімкүні
#Мектебім_мейірім_мекені
No responses yet