«М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-
интернат-колледжі» КММ-де 2024 жылдың 18 қыркүйек
күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері қатысты.
Жиналыстың күн тәртібі:
1. 2024-2025 жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстыру;
2. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен таныстыру;
3.Мектеп ұжымынан ақша жинамау;
4.2024-2025 оқу жылындағы мектептің ішкі тәртіп ережесімен, оқушы формасымен (имиджімен) таныстыру;
5. Оқушылардың мектеп формасы жане ыстық тамақпен қамтылуы;
6. «Мектепке жол» акциясы;
7. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері;
8. 2024-2025 оқу жылындағы жалпы мектеп «Ата-аналар кеңесінің құрамын» сайлау;
9.Әр түрлі мәселелер.
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе бізді алаңдатып отыр, себебі оқушылар кейде желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін. Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап етеді.
2024 жылы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылдың 30 шілдедегі №194 бұйрығымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бекітілді. Қазіргі уақытта бағдарлама барлық білім беру ұйымдарында іске асырылуда.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде келесі құндылықтарға негізделген іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру көзделген:
— Тәуелсіздік және Отаншылдық;
— Бірлік пен ынтымақ;
— Әділдік пен жауапкершілік;
— Заң мен тәртіп;
— Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
— Жасампаздық пен жаңашылдық
Балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін «Заң және тәртіп
құндылығына сәйкес алдын алу шаралары мен әлеуметтік жобалар жоспарланып, іске асырылуда:
Олар:
— «Буллингсіз әлем»,
— «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»,
— «Буллингтен қорған»,
— «Қауіпсіз қоғам»,
— «Қоғамдық мүлікті қорға»,
— «Өмірге салауатты қадам»
Біз «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларын, әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне бағытталған әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерді сапалы іске асыруымыз қажет.
Бағдарлама шеңберіндегі маңызды іс-шараның бірі – қауіпсіздік сабақтарын енгізу.
Әр сынып сағаты аясында 10 минуттық «Қауіпсіздік сабағы» өткізіледі. Ол – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін және т.б. оқытуды қамтиды.
Сынып жетекшілеріне Қауіпсіздік сабақтарын сапалы өткізуге ерекше назар аударуды сұраймын. Барлығыңызда жеке қауіпсіздік сабақтарының материалдары бар (https://orken-instituty.kz/kz).
1. Балалар топтарын тасымалдау ережелері. Танысыңыздар. Егер балаларды конкурсқа, театрға, концертке және тағы басқа шараларға апару жоспарланса, тек қана барлық алгоритмді қатаң сақтаған жағдайда ғана жол жүруге болады (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығы
2. Егер балалар тобын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге конкурсқа, лагерьге және т.б. шығаруға ақпарат түссе, бұл туралы мектеп әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.
3. 1-қыркүйектен бастап сынып сағаттары аясында біз қауіпсіздік сабақтарын өткіземіз. Әдістемелік ұсынымдардың барлығы қолдарыңызға берілді. Қауіпсіздік сабақтарын адал оқытуды жалғастыруды сұраймын.
Құрметті педагогтер!
Баршаңызды балалардың игілігі үшін бірігуге шақырамын. Біз берген білім мен тәрбие – балалар болашағының табысты болуының кілті. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз әрдайым біздің педагогтардың ерекшелігі болып келген, сол үшін сіздерге алғыс білдіремін. Біз атқарып жатқан ынталы жұмысымыздың нәтижелері балалардың үйлесімді әрі қауіпсіз дамуына берік негіз бола алады.
Мектептің тәрбие саласының мамандары ата-аналарды жақсы көңіл-күймен қарсы алып, qr арқылы тіркеді. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып, жаңа оқу жылының ерекшеліктері мен өзгерістері туралы және мектептің ішкі тәртіп ережелері жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар сынып бойынша ата-аналарына ақша жинау, сынып жетекшіге сыйлық беру, қаражатқа байланысты барлық мәселелерге тыйым салынып, сыйлықты алушы және сыйлықты беруші жауапкершілікке тартылатыны баса ескертіліп айтылды.Жиналысқа келген ата-аналар өз ойларындағы бірнеше сұрақтың жауабын алып, ұжымға толағай табыстар тіледі.
No responses yet