“Поэзия! Менімен егізбедің?!”

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.

«М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-нің тәрбие саласы бойынша ақпан айында атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия! Менімен егіз бе едің? » атты әдеби -сазды кеш өтті. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Кеште «Жырлайды жүрек» атты кітап көрмесі жасақталып,ақынның өмірбаяны, оның әдебиетке қосқан үлесін,қазақ халқының рухани мұрасын сақтау жолындағы еңбектерін слайдтар мен бейнероликтер арқылы көрсетілді. Мектебіміздің 7 сынып оқушылары Дінмұқанбетова Таңшолпан, Слямбеков Ердос, Қыдырбек Айқын ақын өлеңдеріне жазылған әндерден шашу шашып тыңдармандарына әсерлі көңіл-күй сыйлады. Бияхмет Інжу, Оралова Інжу, Ахан Алинұр, Олжабаев Нұрдәулет,Бақытбекова Қарлығаш ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, Қабылқан Рухия, Жақия Іңкәр,Серікжанова Ақнұр ақынға арнаған арнауларын оқыды. Сондай-ақ мектеп ұстаздары Н.Аязбек, А. Кеңесханова, Ж.Ерболова, А.Серікжанова ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Нұрлан Асылбекұлы Мұқағали Мақатаевтың «Күрең күз» әнімен кеш шымылдығын жапты. Мұқағали Мақатаев жырдағы ерекшелігімен, түп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен жыр дүниесінде біздің есімізде мәңгі сақталмақ. Кешке белсене қатысқан 7″А» сынып оқушыларына, сынып жетекшісі Сандуғаш Қалелханқызына алғыс білдіреміз.

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *