16 наурыз «Шаңырақ күні» аясында мектебіміздегі үлгілі отбасылардың бірі Қанағатовтар отбасының бейнематериалын назарларыңызға ұсынамыз!
Отбасы — отанымыздың ошағы!
Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан — отбасынан басталады» дегендей отанды сүю, отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы — бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы — оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам.
No responses yet