«М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-де Даналық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес интернат тәрбиеленушілерімен
Ұлыстың ұлы күні- 22 наурыз мерекесіне орай «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында, Әжелеріміз ақ тілектерін білдіріп ,шашу шашып, ақ батасын берді. Күмбірлеген күй ойнап, мың бұралған бишілеріміз «Наурызым»,»Сылқылдақ» билерін нақышына келтіре биледі. Интернатымыздың білім алушылары- ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізден көрініс қойды. Атап айтсақ: (Қолкесер) т.б
Мерекелік кешіміз әнмен жалғасты. Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз мерекесіне орай интернатымызда қолөнер көрмесі көрсетіліп, онда балалар жасаған түрлі қолөнер бұйымдары қойылды. Мектебіміздің директоры Қанағатов Марат Айкенұлы құттықтау сөзін айтып, ақ тілегін білдірді. Кешіміздің қонағы облыстық мәслихат депутаты Нұрпейісов Болат Жұмабекұлы қатысып интернат тәрбиеленушілеріне Наурыз мейрамында ізгі тілегін білдіріп, демеушілік көрсетіп, музыкалық аппаратура сыйға тартты. Сонымен қатар Құйған ауылынан ата-аналар наурыз көже жасап әкелсе, басқа ауылдан оқитын балалардың ата-аналары балаларына ақ дастархан жасап мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Интернат тәрбиешілері.



No responses yet