23 наурыз — Тазару күні

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.
Оныншы күн ұлттық экологиялық науқанға арналған. «Тазару» күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.
⚜️ Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығы мен адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығын сақтап, үйлесімде болуын үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың (демек, адамдардың да) жаңа өмір бастауы осының нышаны. Бұл кезең символдық мағыналарға толы, оның басты үрдісі – тазару арқылы жаңару.
⚜️ Тазару рәсімі – үй-жайды, аулаларды тазалап, бұлақтар мен арықтарды аршу, табиғатты қорғау әрі өткеннің сарқыншағынан құтылуды білдіреді. Бұл – табиғатпен үндес болу қажеттігі мен адамның айналасындағы әлемнің бір бөлшегі екенін еске салатын күн. Бақыт пен береке тазалық пен шынайылық орнаған жерге қонады. Ұлттық мерекеге экологиялық науқандарды енгізу – Мемлекет басшысы көтерген проблемалар (су ресурстарының тапшылығы және т.б.) аясында қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың маңыздылығын айшықтау.
⚜️ Мұндай ауқымды экологиялық бастамалар Наурызнама онкүндігін қорытындылау ғана емес, сонымен қатар таза қоршаған ортада жаңа жылды жақсылықпен қарсы алуға негіз болады.

CATEGORIES:

Uncategorized

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *