2024 жылдың 28 қыркүйек күні «М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ-де тәрбие саласы бойынша «Еңбек күнін» мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Үлкендер жолы — ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында ұстаздық жолдың дамуына зор үлес қосқан еңбек ардагерлері Көкебаев Совет ағамыз және Сабира апайымызбен кездесу өтті. Қонақтар еңбек жолы мен өмір жолына қатысты сұрақтарға қуана жауап беріп, оқушылармен өздерінің көп жылдық жұмыс тәжірибелері туралы ой бөлісті. Болашақ мамандықтарын таңдауда кандай қасиеттерге басты назар аудару керек екенін айтып, өз істеріңнің маманы болуларыңа тілектеспіз деп жылы лебіздерін білдірді. Оқушыларда өз кезегінде келген қонақтарымызға алғыстарын білдіріп рақмет айтты.
No responses yet