«Жас сарбаз» кадет сыныптары салтанатты ант қабылдау

Latest Comments

Нет комментариев для просмотра.
Мектебімізде «Жас сарбаз» кадет сыныптары салтанатты ант қабылдау рәсімін өткізді. Жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін мектеп директоры Марат Айкенұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Шара басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ортаға шығарылып, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Өз кезегінде жас сарбаздар мектеп қабырғасында алған машық-дағдыларын, соның ішінде саптық жүріс, автоматты жартылай бөлшектеулерін көрсетті. Барлық кадет сыныптары «Атамекен» әнін хормен орындап, жиналғандарды тәнті етті. Салтанатты рәсімге әскери жетекші Э.Шугаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ә.Абуюруова, Л.Касенова, кадет жетекшісі Ж.Сәрсенов, кадет сыныбы оқушыларының ата-аналары қатысып, оқушыларды айтулы мерекелерімен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Кадет жетекшісі:Ерболат.М

Tags:

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *