ШҚО, Тарбағатай ауданы, «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ
Мектебімізде 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқыған, спорт және әскери сала бойынша облыстық, республикалық сайыстарда жетістіктерге жеткен, мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқан оқушыларымыздың «Үздіктер шеруі» өтті.
Мақсаты: Оқушыларымыздың оқуға, спортқа, өнерге құштар талаптарына, шығармашылықтарына қанат бітіріп, мақсат қойып, биіктерге ұмтылуын мадақтау арқылы үлгі ету. Білім мен шығармашылық қоғамды дамытушы құрал екенін ұғындыру.
Үздіктер шеруіне Тарбағатай аудан әкімінің орынбасары Мамырбаев Болатбек Омарұлы, аудандық мәслихат төрағасы Қанағатов Өмірхан Айкенұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Рахымбаева Алмагүл Мырзахметқызы, мектеп қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қалтаева Гүлжан Бияхметқызы, Ақжар полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері бойынша учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Түсіпханова Назира Асылбекқызы қадірлі қонақ болып келіп, ізгі тілектерін білдірді. Үздіктерді дәріптеп, танытуға арналған шеруде 93 үздік оқушы, 26 спорт саласының үздігі, 16 әскери сала үздігі, 27 белсенді оқушыларымыз марапатталды! Сонымен қатар, шара барысында сыныптар бойынша үздіктер саны көп 10 сынып жетекшіміз марапатқа ие болды!
Бүгінгі жас — ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық! Тәрбиелі, білімді, үздік елі мен жерінің тірегі болар оқушыларымыз көп болсын!
No responses yet